logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Өнермен өрге жүзген ұстаздар

24 ақпан 2025 10:02

Осындай атаумен Атыраудағы NIS-те қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби даму апталығы аясында ұстаздар арасында байқау өткізілді.

Үйірме жетекшілерінің апталығына арналған сайыста пән мұғалімдері топқа бөлініп, драма өнері, вокал және музыка, медиа бойынша білімдерін көрсетті. Командаларға түрлі тапсырмалар беріліп, олардың шығармашылық ой өрісі мен ұтқырлығы назар алынды.

Жылдамдық, ептіліп пен креативтілік бағаланған сайыста ұстаздар керемет көңіл күйге бөленіп, эмоциялық серпіліс сезгендерін жеткізді. "Өнермен өрге жүзген ұстаздар" шығармашылық конкурсының қорытындысы бойынша мектеп директоры Ерали Бижанов жеңімпаздарға арнайы дипломдар табыстап, қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби даму апталығының аяқталуымен қатысушыларды құттықтады.