logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«40 минуттық upgrade»

27 ақпан 2025 09:12

Атыраудағы NIS-те осындай атаумен әдістемелік жоба сәтті ұйымдастырылды.

Басты мақсат – білім беру үдерісінің сапасын арттыру, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және педагог қызметкерлерінің кәсіби өсуін қамтамасыз ету.

Тың бастама барысында шеберлік сыныптары мен коучингтік сессиялар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған мектеп ұстаздары белсенділікпен қатысты.

Мектептің педагог қызметкерлері үшін аталған әдістемелік жоба бұдан былай тұрақты түрде, нақтысында, айына 2 рет өтіп тұрады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде ұстаздардың күнделікті қызметіне өзіндік тың серпін беруге сеп болары хақ.