logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Балалық шаққа саяхат»

28 ақпан 2025 10:01

Атыраудағы NIS-те осындай атаумен бұрын-соңды болмаған әсерлі кеш өтті. Ерекшелігі сол – 11-сынып оқушылары күллі қазаққа аян «Мақта қыз бен мысық» ертегісін әр түрлі жанрда ойлап, жаңартып, түрлі идеялармен көркемдей отырып, басқаша сомдады.

Ал, басты мақсат – оқушыларды балалық шағындағы естеліктермен шабыттандырып, шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, топтық ынтымақтастықты дамыту болатын.

Анығында, озық ойлы, креативке толы оқушылар аталған ертегінің детектив, боевик, комедия, фантастика, хоррор, мелодрама жанрларындағы жаңаша нұсқасын көрермен назарына ұсынды. Сан түрлі идея, әдемі реквизиттармен көмкерілген қойылым, образын сөзсіз әсерлі сомдаған жас әртістерге жиылған көпшілік тек таң-ташама кейіппен қарап, өнерлерін ыстық ықыластары арқылы жоғары бағалады.

Нәтиже де әділ болды. Жүлделі 1-орын 11 «С» сыныбына, 2-орын 11 «Е» сыныбына берілсе, 3-орын 11 «В» сыныбына бұйырды.

Үздіксіз білім алаңында жүрген ұстаздар мен оқушыларға ерекше әсер сыйлаған шараның әр қатысушысына шынайы алғысымызды білдіреміз.