Жаңалықтар
«NIS OLYMPUS»
03 наурыз 2025 11:11
Атыраудағы NIS бастамасымен тұңғыш рет жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық «NIS OLYMPUS» олимпиадасы өтті.
Оқушылардың білім қабілеттерін нақтылап, шыңдап, зияткерлік дағды қалыптастырып, кіл мықтының ішіндегі ең мықтыны саралуды мақсат ететін сайысқа күллі облыс бойынша 290-ға жуық оқушы қатысып, бақ сынады.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ұйымдастырылған. Тұңғыш рет өткізілсе де қатысуға ниет білдіргендер қарасы қалың екендігі көңіл қуантады. Яғни, білім көкжиегін кеңейтіп, өз деңгейін анықтауға ниетті, озық ойлы, зерек оқушылар қатары жыл санап молайып келеді.
Ал, қатысушылар тарапынан бұл тұңғыш өткізілген бастама алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп тұрса деген шынайы лебіздер де ұсынылды.