logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қыл қалам әлемі

03 наурыз 2025 16:01

Атыраудағы NIS-тің 8-сынып оқушылары кезекті өнер сабағын заманауи өнер галереясында өткізді.

Бірлескен тағылымды шара барысында бір мезетте 20 оқушы әсерлі арт-көрмені тамашалап, тың туындыларды бейнелеудің түрлі техникаларымен танысты.

Жергілікті өнер иелерінің туындылары көз жауын аларлықтай әдемі. Оқушылар өзіндік эстетикаға ие көрмеге бұдан былай жиі ат басын бұруға ынталы.