logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Аналар» кафесінің қонағы – аяулы аналар

06 наурыз 2025 12:42

Атыраудағы NIS-те 8 “С”, “H”, “K” сыныптары оқушыларының аналарына ерекше ілтипат көрсетіп, көңіл-күй сыйлау мақсатында әсерлі шара өтті.

Мерекеге сай шағын кафе сияқты безендірілген залда аяулы аналарды ұлдар қызыл кілем үстінде шынайы ықыласпен күтіп алып, қызмет етті.

Аталған кафеде ана мен бала арасындағы интуицияны бейнелейтін түрлі қызықты ойын ойнатылып, оқушылар өнер әлемінен шашу шашты.

Әсіресе, ұлдардың толық құрамы қатысқан хор ұжымы орындаған әсерлі ән, күмбірлі күй, қыздар мың бұрала билеген әсем би көпшілік көңілінен шыққаны сөзсіз.

Осылайша, аяулы аналар өз балаларының өнерін тамашалап, “Аналар” кафесінде тамақтанып, ойын ойнап, әсерлі күймен тарқасты. Шара соңында ұйымдастырушы-педагог Бақытгүл Әділбекқызы өзінің сынып аналарына арнаған жыр шумағын оқып беріп, оқушылардың ішкі ойы жеткізілген хаттарын аналарына табыстады.