logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS OLYMPUS облыстық олимпиадасы қорытындыланды

07 наурыз 2025 12:47

Атыраудағы NIS-те талантты, мақсаты айқын және білімге құштар оқушыларды бір арнада тоғыстырған NIS OLYMPUS облыстық олимпиадасы сәтті қорытындыланып, өз мәресіне жетті.

28 ақпан күні бастау алып, екі бағыт бойынша 11 пәнді қамтыған олимпиадаға облыстың үздік мектептерінің 10-11-сынып оқушылары қатысқан болатын. Ал тапсырмаларды Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әдістемелік кеңесі әзірледі.

Тартысты додада бағы мен бабы қатар шапқан жүйріктер арнайы дипломдармен марапатталды. Ендеше, кіл жүйріктер арасынан оқ бойы озық шыққан ең мықты оқушылардың, яғни, 1-орын иегерлерінің тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Таныс болыңыздар!

I орын /10-сыныптар арасында/:

Математика пәні - Санжар Сабыржан - Атырау Облыстық Ұлттық Гимназиясы;

Физика пәні - Ералы Умирбеков – Атыраудағы NIS;

Химия пәні - Бактияр Галимов – «Білім инновация» лицейі;

Биология пәні - Қарақат Асқар - Атыраудағы NIS;

География пәні - Дархан Керей - Атыраудағы NIS

Информатика пәні - Жанжол Меңдігерей - Ж.Досмұхамбетов лицей-интернаты;

Қазақ тілі - Нұрай Әлімжанқызы - Атыраудағы NIS;

Орыс тілі мен әдебиеті - Ермұхамед Ерлік - Атыраудағы NIS;

Орыс тілі мен әдебиеті - Асем Куандыкова - Атыраудағы NIS;

Қазақстан тарихы - Жарқынай Индербайқызы - Атырау Облыстық Ұлттық Гимназиясы;

Дүние жүзі тарихы - Ақбота Ерсұлтан - Атыраудағы NIS;

Ағылшын тілі пәні - Рашида Юсупова - Әл-Фараби Binom мектеп-лицейі

I орын /11-сыныптар арасында/:

Математика пәні – Ансар Бегалиев - Әл-Фараби Binom мектеп-лицейі;

Физика пәні - Батырхан Шеруен - Атыраудағы NIS;

Химия пәні - Бексултан Балгимбаев – Атыраудағы NIS;

Биология пәні - Жігер Құбаш - Молдағалиев атындағы лицей интернаты;

География пәні - Алим Наильев - IT мектеп-лицейі;

Информатика пәні - Нұржан Құлжан - Білім Инновация лицей интернаты;

Қазақ тілі және әдебиеті 1 - Фарида Баймағанбет - Атыраудағы NIS;

Қазақ тілі және әдебиеті 2 - Жульен Синдера - Атыраудағы NIS;

Қазақстан тарихы - Ару Саламатқызы - Әл-Фараби Binom мектеп-лицейі

Дүние жүзі тарихы - Нұртілек Қажиетов - IT мектеп-лицей;

Ағылшын тілі пәні - Айзере Утегенова - Атыраудағы NIS.

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ал, аталған шараны Атыраудағы NIS енді дәстүрлі түрде өткізіп тұруға ниетті.