Жаңалықтар
Өнер әлемінің құдіреті
07 наурыз 2025 15:25
Атыраудағы NIS-тің 8 «Е» сынып оқушыларына өнер және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ өткізіліп, сабақ барысында оқушылар Атырау облыстық «Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне» арнайы ат басын бұрды.
Құдіретті қылқалам әлемінің тылсымынан сыр шерте тыныстап тұрған мұражайдағы әр туындының өзіндік тарихы бар. Мұндағы суреттер мен бұйымдардың сан алуандығы оқушыларға ерекше әсер беріп, шебер болуға жетелегендей. Көз жауын аларлық керемет туындылар әр зерек оқушыға үлкен шабыт бергені сөзсіз.