Жаңалықтар
IELTS: NIS ұстаздары мен оқушылары тегін сынақ тестілеуін тапсыруда
07 наурыз 2025 15:23
Атырау қаласындағы NIS мен IDP Орталығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылғалы бері Зияткерлік мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін жаңа мүмкіндіктер есігі айқара ашылғандай.
Аталған ынтымақтастық аясында мектептің 84 оқушысы мен 6 ұстазы өздерінің дайындық деңгейін бағалау үшін IELTS емтиханынан тегін сынақ тестілеуінен өтуде.
Осындай игі мүмкіндік сыйлаған IDP орталығына Атыраудағы NIS атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!