Жаңалықтар
«Бар әйел бақытты болуға лайықты...»
08 наурыз 2025 17:12
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атыраудағы NIS ұжымының ер азаматтары ұжымдағы ұстаз-аналардың, әйелдердің көңіліне көктем орнатып, шаттыққа бөледі.
Көңілді кеште әсерлі жыр да оқылды, ән де айтылды, күй де күмбірледі, тіпті, әзіл-ысқаққа негізделген қойылым да болды. Бастысы, бәрі шынайы жүректен шыққаны сезілді.
Расымен де, жарық дүниеге нұр-шуағымен әр беріп жүретін әр ана, әр әйел, әр қыз-келіншек бақытты болуға әбден лайықты. Сондықтан, барша ұстаз-аналарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!