logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Күмбірі тарих толғайды»

11 наурыз 2025 11:25

Атыраудағы NIS-те «100 күйдің тарихы» және «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында тағылымды іс-шара өтті.

Басты мақсат – қазақтың ұлттық аспабы домбыра мен күйлердің шығу тарихын таныстыру, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Оқушылар шара шымылдығын «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерімен ашып, кейін «100 күйдің тарихын иллюстрациялау» байқауында бақ сынады.

Сондай-ақ, көңілді үзілісте оқушылар сүйікті аспаптарымен өнер көрсетіп, сыйлыққа ие болды. «Дина. Күй құдіреті» тарихи драмасын тамашалап, фильмнен алған әсерлерімен де бөлісті.

Жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келеді. Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз.