logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“Ұрпақтар сабақтастығы”

17 наурыз 2025 14:34

Атыраудағы NIS-тің «Батыс» шаңырағында наурыз онкүндігі аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ұлттық тәрбие сағаты өтті.

Басты мақсат – оқушыларға ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болатын.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің отбасы шежіресі туралы эссе жазып, ата-әжелерінен естіген тарихи оқиғалар мен әулет дәстүрлерін бір-біріне баяндады. Бұл тапсырма олардың отбасы тарихына деген қызығушылығын арттырып, өз тегін тереңірек тануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оқушылар өз отбасы мүшелерінің бейнесін немесе шежіресін сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қырларын да танытты.

Осындай ойталқылар арқылы оқушылар ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытатыны хақ.