logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS-пен бірге оқиық»

19 наурыз 2025 09:15

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ осы жылдың наурыз айынан бастап «NIS-пен бірге оқиық» жаңа жобасын бастады.

Зияткерлік мектептер арасындағы озық тәжірибені тарату жұмысы біздің мектепте де бастау алды.

Жобаның мақсаты – мектеп қауымдастығы, ата-аналар және оқушылардың қазақ тіліндегі түрлі көркем әдебиеттерді оқып, талқылап, рухани жан-дүниесін кеңейтуіне, тілдік қорларын байытып, ойлау қабілетін арттыруларына, қазақ халқының рухани қазынасын меңгерулеріне мұрындық болып, мүмкіндік сыйлау.

Бүгін жобаның салтанатты ашылуынан соң Атыраудағы NIS-тің 7, 8, 9-сынып оқушылары ұстаздар мен ата-аналармен бірге оқыған кітаптарын талқылауға кірісті. Анығында:

- 7 сынып оқушылары өз ата-аналарымен, бекітілген әдістемелік бірлестікпен аудиторияларға бөлініп, шығарманың мазмұны бойынша «құндылықтар сөздігін» құрастырды;

- 8 сынып оқушылары акт залда «Ана жүрегі», «Интернат наны» әңгімелері аясында «Шеңбер ішінде жазу» әдісі арқылы дайындаған постерлерін қорғады;

- 9-сынып оқушылары шығармаларды эссе жазу арқылы талқылады. Айта кету керек, оқушылардың эсселері арнайы жинаққа біріктірілмек.

Барлық қатысушыларға үлкен белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!