Жаңалықтар
Жүректен жүрекке…
19 наурыз 2025 09:20
Атыраудағы NIS-те көктем мерекесінің кезекті күні қайырымдылыққа арналды.
Игі істер күніне орай “Махамбет” шаңырағы оқушылары “Жүректен жүрекке” науқаны аясында Атырау қаласындағы “ABC” ерте дамыту орталығына арнайы ат басын бұрды
Мұндағы кішкентай қызмет алушылармен бірге ойын ойнап, олардың әл-ауқатымен танысып, жағдайын түсініп, көңілдерін көтеруге тырысты. Тіпті, кей оқушылар осы орталықтың кей қызмет түрін басты зерттеу нысанына айналдыруға ниетті екендерін жеткізді.