logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“Бауырсақ Party”

26 наурыз 2025 14:22

Ынтымақтастық күніне орай “Қайрат” шаңырағының оқушылары “Бауырсақ Party”өткізді. Шара барысында оқушылар баршаға бауырсақ ұсынып, бірлік пен достықтың маңыздылығын көрсетті.

Сонымен қатар, ұстаздар мен оқушылардан бірлік және достық туралы мақал-мәтелдер сұралды. Жинақталған даналық сөздер ынтымақтастықтың күші мен достықтың маңызын еске салды.

Мереке көңілді өтіп, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.