Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары INFOMATRIX-ASIA 2025 халықаралық байқауында қола жүлдеге ие болды
01 сәуір 2025 14:26
Көкшетаудағы NIS оқушылары INFOMATRIX-ASIA 2025 беделді халықаралық байқауында жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, қола медальдарға қол жеткізді. Биыл сайысқа 9 елден 600-ден астам оқушы қатысып, өздерінің инновациялық IT-жобаларын ұсынды.
INFOMATRIX-ASIA – бұл жас таланттар үшін жаһандық алаң. Онда қатысушылар өздерінің техникалық дағдылары, шығармашылық ойлау қабілеттері, күрделі мәселелерді шешу тәсілдері және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетеді.
Startup санатында «Солнечный трекер» жобасы 11 сынып оқушысы Аружан Жәнібекке қола жүлде әкелді.
Hardware Control санатында 10 сынып оқушылары Ескендір Ерікұлы, Арнур Ильясов, Мұхамед Асылбек «Forest fire alarm system» жобасымен үшінші орынға ие болды. Бұл жетістік – еңбектің, білімге деген ұмтылыстың және ұстаздардың қолдауының жемісі.