logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS сахнасында премьера: «Бала кімдікі» қойылымы көрермендердің жүрегін жаулады

11 сәуір 2025 13:59

Көкшетаудағы NIS-те «Глобус» театрының орындауында «Бала кімдікі» атты көптен күткен қойылымның премьерасы өтті. Әзілге, өмірлік жағдайларға және жарқын кейіпкерлерге толы әсерлі комедия мектеп оқушыларының таланты мен еңбегінің арқасында сахнада шынайы өмірге енді.

Жас әртістер көрермендерді шынайылығымен және актерлік шеберлігімен тәнті етті. Әрбір кейіпкер жүрекпен, жан-тәнімен бейнеленіп, көрермендердің күлкісін оятып, эмоцияға бөлеп, қол шапалақтатып қойды. Зал жылы эмоцияға толып, ата-аналар, сыныптастар мен мұғалімдер қойылымды ерекше қошеметпен қарсы алды.

Қойылымнан кейін көрермендер жас әртістерге гүлдер мен шапалақ арқылы ризашылығын білдіріп, өздерінің таңданысын мен қолдауын көрсетті.