Жаңалықтар
Физика апталығы басталды
14 сәуір 2025 15:40
Көкшетаудағы NIS-те дәстүрлі таңғы жиында Физика апталығының ашылуы өтті.
Апталық оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттырып, физикалық құбылыстардың табиғатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Апта аясында ашық сабақтар, танымдық шаралар мен зияткерлік ойындар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 17 сәуір күні «Технический бум» атты қызықты квиз өтеді. Сол күні оқушылар үшін тағы бір зияткерлік ойын жоспарланған. Ал 18 сәуірде «Брейн-ринг» сайысы өткізіледі.