Жаңалықтар
Братко Анастасия – Қазақстан Республикасының баскетболдан чемпионы
14 сәуір 2025 16:19
4–10 сәуір аралығында Түркістан қаласында 2008–2009 жылы туған қыздар арасында баскетболдан көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста еліміздің әр өңірінен келген мықты командалар бақ сынады.
Аталған чемпионатқа Ақмола облысы құрамында Көкшетау қаласындағы NIS-тің 8-сынып оқушысы Братко Анастасия қатысты.
Бір аптаға созылған жарыс барысында команда жоғары деңгейде ойын көрсетіп, шеберлігін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Нәтижесінде Ақмола облысы құрамасы 1-орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.