Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-тің 11-сынып оқушылары 5510 әскери бөлімінің өмірімен танысты
17 сәуір 2025 09:00
Кәсіби бағдар беру және патриоттық тәрбие жұмыстары аясында Көкшетаудағы NIS-тің жоғары сынып оқушылары 5510 әскери бөліміне барып, экскурсияға қатысты.
Оқушыларды қарулы күштердің өкілдері қарсы алып, бөлімнің қызметімен таныстырды. Балалар әскери бөлімнің атқаратын қызметі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің міндеттері жөнінде мәлімет алды.
Әсіресе, оқушылардың қызығушылығын әскери техника мен қару-жарақ үлгілерінің көрсетілімі тудырды. Заманауи жабдықтарды жақыннан көріп, әскери қызметшілерге сұрақ қойып, нақты жауап алу мүмкіндігі бұл кездесуге ерекше әсер берді.