Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары сот жүйесінің жұмысы туралы білді
17 сәуір 2025 15:50
Көкшетаудағы NIS қабырғасында Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Мадияр Бүркітпен кездесу өтті.
Қонақ оқушыларға өзінің кәсіби жолы туралы айтып, сот жүйесінің қызмет ерекшеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ заң саласындағы табысты мансап үшін қандай білім мен дағдылар қажет екенін атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, құқықтық тәжірибе, жеке мотивация және кәсіби бағдар бойынша сұрақтар қойды.
Осындай кездесулер оқушыларға мамандықтар әлемін тереңірек түсінуге, ой-өрісін кеңейтуге және ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген жандардың үлгісінен шабыт алуға мүмкіндік береді.