Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те «Жеті қазына» тақырыбында онлайн конференция өтті
18 сәуір 2025 14:42
Көкшетаудағы NIS-те «Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философия» атты республикалық желілік онлайн конференция өтті.
Шараға 13 Назарбаев Зияткерлік мектебінен 31 оқушы қатысты. Олар 8–10 сынып оқушылары арасынан іріктеліп, ұлттық мәдениетке, рухани құндылықтарға және қазақ халқының философиялық мұрасына деген қызығушылықтарын көрсетті.
Конференция барысында «Жеті қазына» ұғымының тарихи негізі мен даму жолы, оның қазақ дүниетанымындағы маңызы және жастар тәрбиесіндегі рөлі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар қазақ дәстүрінің әлемдік философиялық бағыттармен ұқсастығын, сондай-ақ бұл ұғымның әдебиетте, музыкада және халық шығармашылығында көрініс табуын сөз етті.