Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS 11-сынып оқушылары Астананың жетекші университеттерімен танысты
21 сәуір 2025 15:45
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Көкшетаудағы NIS-тің 11-сынып оқушылары Астанадағы бірқатар жетекші жоғары оқу орындарына барып қайтты. Танысу сапары аясында оқушылар Maqsut Narikbayev University, Назарбаев Университеті және Astana IT University-не барды.
Сапардың мақсаты — жоғары сынып оқушыларын университеттердің білім беру бағдарламаларымен, кампус өмірімен, қабылдау шарттарымен және болашақ кәсіби мүмкіндіктерімен таныстыру болды. Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандықты және білім жолын саналы түрде таңдауға көмектеседі.
Оқушылар университет өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәріс залдарын, студенттерге арналған кеңістіктерді аралап, алдағы емтихандар мен ЖОО-ға түсуге дайындыққа шабыт алды.