Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те әскери кросс өтті
25 сәуір 2025 14:42
Көкшетаудағы NIS-те 11-сынып оқушылары арасында әскери кросс өтті. Іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Кросс бағдарламасына келесі жарыстар кірді:
пневматикалық мылтықпен ату,
оқу гранатасын лақтыру,
жүгіру қашықтығы.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын көтеру, дене дайындығын арттыру және елдің әскери тарихына деген құрметті қалыптастыру.