Жаңалықтар
Global Scholars: оқушылар экологиялық мәселелерді қалай шешеді
26 сәуір 2025 16:16
Көкшетаудағы NIS-те халықаралық Global Scholars алмасу бағдарламасы аясында іс-шара өтті. Іс-шараға әлемнің әртүрлі қалаларындағы құрдастарымен бірлесіп, өзекті экологиялық мәселелерді талқылау үшін 8-сынып оқушылары қатысты.
Global Scholars бағдарламасы — әлемнің түкпір-түкпіріндегі қалаларда тұратын 10-13 жас аралығындағы оқушыларға арналған виртуалды алмасу жобасы. Бағдарламаның мақсаты — жаһандық құзыреттілікті дамыту және жастарды жергілікті әрекеттер арқылы жаһандық мәселелерді шешуге ынталандыру.
Кездесудің негізгі тақырыбы — «Пластикпен күрес» болды. Оқушылар пластикпен ластанудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін талқылап, бұл мәселені біздің мектеп аясында шешу жолдарын ұсынды. Ұсынылған идеялардың қатарында пластик жинау акцияларын ұйымдастыру, ақпараттық науқандар өткізу және бір реттік пластиктен бас тарту тәжірибесін енгізу болды.