logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы аясында тағылымдама өтті

29 сәуір 2025 10:12

Көкшетаудағы NIS-те «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында ұстаздар үшін тағылымдама ұйымдастырылды.

Тағылымдамаға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тірек мектептердің мұғалімдері қатысты. Олардың қатарында Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы жалпы білім беретін мектебі, Шортанды ауылының №3 жалпы білім беретін мектебі, Макинск қаласындағы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі, Зеренді ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы, Степняк қаласындағы Абай атындағы №2 мектебі, Талшық орта мектебі және Новоишим №1 орта мектебі бар.

Тағылымдама барысында ұстаздар шеберлік сабақтарына, ашық сабақтарға, тренингтерге, семинарларға және постер-сессияларға белсенді қатысты. Бағдарлама ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге, озат тәжірибе алмасуға, білім беру үдерісіне жаңашыл тәсілдерді енгізуге және ауыл мектептеріндегі оқыту сапасын арттыруға бағытталды.

Қатысушылар заманауи оқыту әдістерін үйлестіру, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, сандық технологияларды пайдалану және функционалдық сауаттылықты жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылады. Ұстаздар тәжірибе бөлісуге, сұрақтар қоюға және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.