logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ажар Сарсенбай — «Абай оқулары» республикалық байқауының жеңімпазы

30 сәуір 2025 10:57

Ажар Сарсенбай «Абай оқулары» республикалық байқауында 1-орынға ие болып, дайындығының жоғары деңгейін, Абай Құнанбайұлы шығармашылығын терең түсінуін және көркем мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті.

Ажардың айтуынша, бұл байқауға қатысу — ол үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды.

«Бұл байқау — қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең түсініп, оны кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды шара. Абай шығармашылығымен танысу арқылы мен ана тілімді, әдебиетімді, ұлттық құндылықтарымды тереңірек тани бастадым», — деді жеңімпаз.

Байқауға дайындық бірнеше апта бұрын басталды. Осы уақыт аралығында Ажар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, олардың мағынасын ұғынуға тырысты. Мәнерлеп оқу, дауыс ырғағы мен сахна мәдениетіне ерекше мән беріп, ұстазы Мирамкүл Мухамедьярованың жетекшілігімен дайындалды.

Абай шығармаларының ішінде Ажарға ерекше әсер еткен — «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» атты өлеңі. Оның пікірінше, бұл туындыда Абайдың өмірлік тәжірибесі терең көрініс тапқан.

«Бұл өлеңнің мазмұны мен поэтикалық көркемдігі жүрегіме жақын», — деп бөлісті Ажар.