Жаңалықтар
«Береке көзі — бірлікте» сурет салу байқауының қорытындысы шығарылды
02 мамыр 2025 12:05
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Көкшетаудағы NIS-те «Береке көзі — бірлікте» атты шаңырақтар арасындағы асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың патриоттық сезімін, еліміздің көпұлтты мәдениетіне деген құрметін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әр шанырақ бірлік, достық және келісім идеяларын бейнелеген жарқын әрі ерекше жұмыстарын ұсынды.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
Гран-при — «Сырымбет» шаңырағы
I орын — «Ұлытау» шаңырағы
II орын — «Тұран» шаңырағы
III орын — «Жетісу» және «Шарын» шаңырақтары
Жұмыстарды келесі қазылар алқасы бағалады:
Ташимов Асылбек, Ташимова Сания, Аманжолов Руслан.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен бірлік рухын жарқын бейнелеген шығармашылықтары үшін алғысымызды білдіреміз!