logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS командасы — баскетбол турнирінің жеңімпазы

02 мамыр 2025 15:03

28–30 сәуір аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университінде Отан қорғаушылар күніне орай және кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жасөспірімдер арасында баскетболдан турнир өтті.

Көкшетаудағы NIS командасы өзін жоғары деңгейде көрсетіп, ойын барысында сенімділік, ұйымшылдық пен толықтай берілгендікті танытты.
Турнир қорытындысы бойынша командамыз 1-орынға ие болды. Бұл — жүйелі жаттығулар мен өзара қолдаудың жарқын нәтижесі.

Сондай-ақ, мектебіміздің оқушылары жеке номинациялар бойынша марапатталды:

Тамир Қасқаров — Үздік ойыншы, MVP

 Алишер Қабибулла — Үздік қорғаушы

 Әділхан Ален — Үздік шабуылшы