logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары — Iqanat Case Hackathon 2025 жеңімпаздары

08 мамыр 2025 11:33

Көкшетаудағы NIS-тің 9-сынып оқушылары IQanat High School of Burabay базасында өткен беделді Iqanat Case Hackathon сайысына қатысты.  Байқауға Астана, Көкшетау, Щучинск және Шымкент қалаларынан келген 25-тен астам команда бақ сынады.

Мектебіміздің Set-Chotam командасы бірінші орынды жеңіп алып, 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатқа ие болды. Команда құрамында — Мансур Ыдырыс, Арман Кузаиров, Данислам Сейпилов және Бақұстар Шәріпхан.

Сондай-ақ, Januya командасы — 9-сынып оқушылары Дамеля Жанбыршы, Дария Сейтжан, Кәмшат Қосар және Мединa Омарова — үшінші орынды иеленіп, 30 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды.

Біздің оқушылар хакатон барысында мұнай өндіру кезінде мұнай ұңғымаларымен байланысты мәселелерді шешуге арналған инновациялық идеялар ұсынып, өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және практикалық ойлау деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді. Олардың ұсыныстары қазылар алқасы тарапынан ең тиімді әрі болашағы зор шешімдер ретінде жоғары бағаланды.