logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушысы «Babalar amanaty» байқауында жүлдегер атанды

12 мамыр 2025 15:58

Көкшетаудағы NIS-тің 7-сынып оқушысы Сергей Комаров XIII республикалық «Babalar amanaty» байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша екінші орын иеленді.

Сергей бұл байқауда домбырамен өнер көрсетті. Домбыра тартуды небәрі алты ай бұрын бастаған жас өнерпаз екі ай бойы дайындалып, кәсіби деңгейде ойнап шықты.

Сергей домбыраның ерекше үні мен ұлттық музыкаға деген қызығушылығын атап өтті. Ол болашақта бұл бағытта дамуды мақсат етеді.