logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары Shoqan Ecology халықаралық форумының жүлдегерлері атанды

13 мамыр 2025 13:32

Көкшетаудағы NIS-тің оқушылары Shoqan Ecology XIII халықаралық ғылыми форумына қатысып, жоғары дайындық деңгейін және зерттеу тақырыптарының өзектілігін көрсетті.

10-сынып оқушысы Ғазиз Мұратбек «Развитие стабильности: Интеграция водорода в энергетику Казахстана» жобасымен 150 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Жоба аясында ол экологиялық және энергетикалық дағдарыстың себептерін, әлемдік тәжірибеде сутекті энергетиканы қолдану әдістерін зерттеп, Қазақстанда оны енгізудің тиімді жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ 10-сынып оқушысы Арнур Ильясов 150 000 теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды. Оның «Forest Fire Alarm System» жобасы орман өрттерін ерте анықтап, алдын алуға бағытталған. Арнур әзірлеген жүйе экологиялық маңызымен қатар технологиялық тұрғыдан тиімді шешім ұсынады, бұл оны климат өзгерісі мен табиғи апаттардың жиілеуі жағдайында аса өзекті етеді.

Shoqan Ecology форумы — экология саласындағы ғылыми және технологиялық шешімдерді ілгерілету мақсатында Қазақстан мен шетелден келген жас зерттеушілерді біріктіретін маңызды алаң. Форумға қатысу жас ғалымдарға өз жобаларын кәсіби қазылар алқасына ұсынуға, кері байланыс алуға және идеяларын жүзеге асыруға қаржылық қолдау табуға бірегей мүмкіндік береді.