logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те жазғы мектеп

15 мамыр 2025 13:52

Құрметті оқушылар мен ата-аналар!

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2 маусымнан 13 маусымға дейін өтетін ақылы жазғы мектепке қатысуға шақырады. Бағдарламаға 5-сыныпты аяқтаған оқушылар қатыса алады.

Жазғы мектеп – жазғы демалыстың алғашқы күндерін қызықты әрі пайдалы өткізуге, білім көкжиегін кеңейтуге, NIS оқу ортасымен танысуға және жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік. Бағдарлама танымдық сабақтардан, интерактивті форматтардан және логика, ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған қызықты тапсырмалардан тұрады.

Тіркелу осы сілтеме арқылы:

https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=yVLbOR7jwkKAg3U1W3KN41EUFcJjPIJCnGIqk82duX1URTFNUjRDSjFSWk1WOUFCUUJNMlJKR1AzWC4u

Сіздерді жазғы мектебімізге шақырамыз!