Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те домбырадан ашық сабақ өтті
16 мамыр 2025 11:39
Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушылары арасында домбырадан ашық сабақ өтті. Оған 151 оқушы қатысты.
Бұл шара жылдық оқу бағдарламасының қорытындысы ретінде ұйымдастырылып, жас ұрпақ арасында қазақтың дәстүрлі музыкасын насихаттауға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар «Тепең көк», «Жастар биі», «Келіншек» және «Кеңес» сияқты танымал халық күйлерін орындады.
Оқушылардың әрбір өнер көрсетуі олардың жоғары дайындық деңгейін, ұлттық мәдениетке деген құрметін және музыкалық өнер арқылы өзін-өзі танытуға деген ұмтылысын көрсетеді.