Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те Ашық есік күні өтті
19 мамыр 2025 11:43
17 мамыр күні Көкшетаудағы NIS-те Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен болашақ оқушыларды мектептің білім беру ортасымен, оқу жағдайларымен және сыныптан тыс іс-әрекеттерімен таныстыру болды.
Қонақтар оқу кабинеттерін, соның ішінде робототехника кабинетін, STEM-зертханасын және заманауи кітапхананы аралап көрді. Қатысушыларға оқу үдерісінің негізгі бағыттары мен оқыту әдістері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Келушілер ойыншық жасау және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтарына ерекше қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар, вокал, театр және домбыра үйірмелерінің жұмысы таныстырылды.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары және тәрбиелік жұмыс бойынша қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.