Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS командасы баскетбол турнирінде күміс жүлдегер атанды
19 мамыр 2025 17:11
2025 жылдың 17–18 мамыры күндері Көкшетау қаласында жасөспірімдер арасында «Bolashaq Saraiy» кубогы үшін баскетбол турнирі өтті. Жарысқа өңірдің үздік командалары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Көкшетаудағы NIS командасы турнирде лайықты өнер көрсетіп, тартысты кездесулер нәтижесінде 2-орынды иеленді. Жас спортшылар табандылық, ұйымшылдық және жеңіске деген зор ұмтылыс танытты.
Команданың жеке жетістігі де мақтаныш тудырды: Тамир Касқаров турнирдің «Үздік қорғаушысы» деп танылып, үздік ойынымен және жоғары спорттық интеллектімен ерекшеленді.