Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те жобалардың қорытынды таныстырылымы өтті
12 мамыр 2025 15:10
Көкшетаудағы NIS-те оқушылардың оқу бағдарламасынан тыс жүргізген үш негізгі бағыттағы: «Қоғамға қызмет», «Менторлық» және «Work Out» жобалары бойынша қорытынды таныстырылым өтті.
8-сынып оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясында жыл бойы атқарған жұмыстарын таныстырды. Олар әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асырып, айналасындағы адамдарға көмектесуге, мектеп ортасын жақсартуға және эмпатияны дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізді.
11-сынып оқушылары «Менторлық» бағдарламасы аясындағы қызметтерінің нәтижесін қорытындылады. Жоғары сынып оқушылары кіші сыныптарға тәлімгерлік жасап, оқу үдерісінде және жобаларды іске асыру барысында оларға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетті.
Ал 9-сынып оқушылары дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Work Out» жобасы бойынша өз жетістіктерін ұсынды.