logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Назерке Бақыт – республикалық олимпиаданың жүлдегері

22 мамыр 2025 16:31

Көкшетаудағы NIS-тің 7-сынып оқушысы Назерке Бақыт 7–8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3 - орын иеленді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 530-дан астам оқушы қатысты. Жоғары бәсекелестік пен тартысты жарыс жағдайында Назерке терең білімін, шығармашылық ойлауын және ана тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Назеркенің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мирамкүл Мухамбедьярова оның мақсаткерлігін және білімге деген құштарлығын атап өтті:

«Назерке еңбекқор оқушы, мықты дайындықтың және өзіндік күш-жігердің арқасында  осындай жетістікке жетті. Назерке тек қана қазақ тілі мен әдебиетінен үздік емес, барлық сабақтардан үлгерімі жоғары оқушы. Оқушы үнемі ізденіс үстінде, көркем әдебиетті көп оқиды», – деді ол.