logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те соңғы қоңырау соғылды

30 мамыр 2025 16:41

Көкшетаудағы NIS-те соңғы қоңырау салтанатты түрде аталып өтті. Биыл 12-сыныпты 81 оқушы бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды.

Соңғы қоңырау түлектердің өміріндегі маңызды кезеңнің аяқталуын білдіретін ерекше сәтке айналды. Оқушылар мектеп қабырғасында тек терең білім алып қана қоймай, көшбасшы болуға, топпен жұмыс істеуге, сыни ойлауға және туған мәдениетін қадірлеуге үйренді.

Жыл қорытындысы бойынша «Алтын Емел» шаңырағы үздік деп танылды. Бұл — бірлік пен ынтымақтың, жоғары мотивация мен ортақ еңбектің жемісі.