Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS мұғалімдері авторлық құқық иегерлері атанды
05 маусым 2025 11:42
Көкшетаудағы NIS мұғалімдері Анара Капанаева, Лаура Шегирова және 8-сынып оқушысы Темірлан Пшенбаев автоматтандырылған қоқыс контейнер әзірлемесі үшін авторлық құқық иеленді.
Олардың инновациялық жүйесі қоршаған ортаның ластануын және қоқыс контейнерлерінің толып кетуін болдырмауға көмектеседі. Контейнер автоматтандырылған қақпақпен және толып кету деңгейін анықтайтын құрылғыларымен жабдықталған. Бұл жүйе қызмет көрсетуші ұйымдарға қоқысты шығару қажеттілігі туралы уақтылы хабарлауға мүмкіндік береді.
Жоба Arduino Uno платформасы негізінде жүзеге асырылып, ультрадыбыстық және лазерлік датчиктер пайдаланылған.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 29 қазанда Көкшетаудағы NIS мұғалімі Амангелды Сатиев пен 12-сынып оқушысы Дархан Сабырбеков КТЕД тарихи-танымдық ойынына авторлық құқық алды.