Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушыларына арналған бейімдеу апталығы басталды
25 тамыз 2025 16:16
Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушылары үшін бейімдеу апталығы басталды. Бұл – оқушылардың жаңа білім беру ортасына еркін әрі сенімді бейімделуіне, өзін мектеп қауымдастығының бір бөлігі ретінде сезінуіне және табысты оқу жолындағы алғашқы қадамдарын жасауына мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Апталықтың бағдарламасы әрбір оқушыға қолайлы орта мен жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. Осы күндері жетінші сынып оқушылары мектептің ережелерімен, күн тәртібімен, құндылықтарымен және негізгі нормативтік құжаттарымен танысады. Сонымен қатар, коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ұжымды біріктіруге, құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Бейімделу апталығы аясында тренингтер, ойындар, мектеп ішіндегі экскурсиялар және тәлімгерлермен кездесулер ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар оқушыларға жаңа ортаға тез бейімделуге, жаңа достар табуға және мұғалімдермен, сыныптастарымен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.