Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те Денсаулық апталығы басталды
08 қыркүйек 2025 14:00
Көкшетаудағы NIS –те дәстүрлі Денсаулық апталығы басталды. Бұл — бүкіл мектеп өмірі қимыл-қозғалысқа, сергектікке және көтеріңкі көңіл күйге толатын ерекше кезең.
Апталықтың ашылуы таңғы жиын барысында өтті. Оқушыларға салауатты өмір салты тақырыбында интерактивті танымдық бағдарлама ұсынылды. Жылы әрі еркін ортада оқушылар денсаулыққа мән берудің, күн тәртібін сақтаудың, спортпен айналысудың және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Апта бойы білім алушыларды мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар күтіп тұр. Түрлі спорттық ойындар, тақырыптық байқаулар мен көңілді жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар, ерекше ықыласпен күтетін маңызды шаралардың бірі — «Толағай» атты отбасылық эстафета. Бұл — оқушылар мен ата-аналардың бірлесіп, командадағы белсенділікті көрсете алатын жарқын әрі жылы оқиға.