logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS мұғалімдері Белград қаласында өтетін ECER 2025 халықаралық конференциясына қатысып жатыр

10 қыркүйек 2025 16:19

Көкшетаудағы NIS мұғалімдері Еуропаның ең ірі және беделді білім беру конференцияларының бірі — 2025 жылғы Еуропалық білім беру зерттеулері конференциясына (European Conference on Educational Research, ECER) қатысып жатыр. Биыл бұл іс-шара Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатыр және әлемнің көптеген елдерінен зерттеушілер мен педагогтарды біріктіріп отыр.

ECER — білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және зерттеу орталықтары мен білім беру ұйымдарының дамуының негізгі бағыттарын анықтауға арналған дәстүрлі жыл сайынғы конференция. Мұндай ауқымды іс-шараға қатысу тәжірибе алмасуға, қазіргі заманғы үрдістермен танысуға және білім беру ғылымының дамуына өз үлесін қосуға ерекше мүмкіндік береді.

Биыл Көкшетаудағы NIS атынан конференцияда ағылшын тілі мұғалімі Сая Рахимбекова, физика пәнінің мұғалімі Сергей Кошкин және биология пәнінің мұғалімі Жанар Шахметова сөз сөйледі. Олардың белсенді қатысуы жоғары кәсіби деңгейді және мектептің үздіксіз даму мен озық білім беру тәжірибелерін енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді.