Жаңалықтар
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жаңа президенті сайланды
22 қыркүйек 2025 15:12
19 қыркүйекте мектепте өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау өтті.
Дауыс беру нәтижесі бойынша 11 «В» сынып оқушысы — Диас Хасенов жеңіске жетті.
Диас — мектеп өміріне белсене араласып жүрген бастамашыл оқушы. Ол бірнеше жыл бойы түрлі бағытта өзін көрсете білді: мектеп іс-шараларының жүргізушісі болды, сондай-ақ мектептің өзін-өзі басқару құрылымында Ішкі істер министрі қызметін атқарды. Диас жауапкершілігі жоғары, креативті көшбасшы ретінде танылып үлгерді.
Жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруда сәттілік пен табыс тілейміз!