logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Айыртау ауданындағы балаларды қолдау орталығына жатақхана педагогтарының қайырымдылық сапары

19 қыркүйек 2025 12:11

18 қыркүйекте Көкшетаудағы NIS жатақхана педагогтары Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығын зиярат етті.

Осы сапардың мақсаты — тек көмек көрсету ғана емес, балаларға мейірім, қамқорлық пен жылулық сыйлау болды. Барлық педагогтар мен ата-аналар атынан Орталық тәрбиеленушілеріне азық-түлік, ойыншықтар, кітаптар және кеңсе құралдары табысталды. Бұл сыйлықтар үлкен махаббат пен ықыласпен жиналып, балалардың күнделікті өміріне жағымды қосымша болып, оларға қуаныш сыйлауға бағытталған.

Кездесу барысында ерекше назар канзаши техникасымен брошь жасау бойынша шеберлік сыныбына аударылды. Оны тәрбиеші Алтын Сүлейменова жүргізді. Балалар атлас ленталардан нәзік гүлдер жасауды қызығушылықпен үйреніп, өздері ерекше әшекейлер жасады. Бұл шығармашылық сабақ балаларды жаңа сәндік-қолданбалы өнер түрімен таныстырып қана қоймай, олардың таланттарын дамытуға және өз мүмкіндіктеріне деген сенімділігін арттыруға септігін тигізді.

Осы сапар маңызды оқиғаға айналып, мейірімділік пен қамқорлық адамдарды біріктіріп, әлемімізді жақсартатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.