Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS қызметкері кәсіби бағдарлау бойынша жаңа әдістемелік құралға авторлық құқық алды
24 қыркүйек 2025 17:15
Кәсіби бағдарлау клубының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Гульжан Нургасимова «Профориентация учащихся: эффективное планирование и комплексный подход» атты бірегей әдістемелік құралға авторлық құқық алды.
Бұл басылым — әсіресе кәсіби бағдарлау саласында жаңадан жұмыс істейтін педагогтарға арналған, заманауи әрі уақыт сынынан өткен құрал. Әдістемеде дайын практикалық әдістер, ойын технологиялары және диагностикалық құралдар жинақталған, олар оқушыларға болашақ мамандығын саналы және ынталы таңдауына көмектеседі.
Әдістемелік құрал Қазақстандағы беделді білім беру мекемелерінің педагогика ғылымдарының докторлары мен магистрлері тарапынан жоғары сараптамалық баға алған. Бұл оның ғылыми негізделгендігін және практикалық маңыздылығын растайды.