Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те волейболдан облыстық мектеп қызметкерлері арасындағы лига ашылды
27 қыркүйек 2025 15:12
Көкшетаудағы NIS базасында облыс мектептерінің ұстаздары мен қызметкерлері қатысатын волейбол лигасының ашылу рәсімі өтті.
Жалпы 12 команда жыл бойы біріншілік атағына таласатын болады.
Бұл лига ұстаздар үшін тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасуға және өңір педагогтары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға зор мүмкіндік болмақ.