logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-тің оқушылары Kokshetau AI Hackathon байқауының жүлдегерлері атанды

14 қазан 2025 10:08

Көкшетаудағы NIS-тің 9-сынып оқушылары Інжу Асыл мен Нұрай Нұралы Kokshetau AI Hackathon байқауында 2-орынды иеленді. Жүлдеге 100 000 теңге көлемінде қаржылай сертификат берілді.

Оқушылар ұсынған жоба – Ashyq Qala Kokshetau деп аталатын цифрлық платформа. Бұл платформа арқылы қала тұрғындары әкімдікпен тікелей байланыс орнатып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын жеткізіп, олардың шешімінің барысын бақылап отыра алады.

Жүйе ұқсас бастамаларды біріктіріп, тапсырмалардың орындалу барысын көрсетеді. Осы арқылы халық пен билік арасындағы қарым-қатынас ашық әрі тиімді болуына мүмкіндік береді.

Жоба қала тұрғындарының белсенді қатысу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, әрбір адам өз қаласының дамуына атсалысатын азаматқа айналады.