logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-тің тірек мектептерге әдістемелік қолдауы басталды

17 қазан 2025 16:08

Көкшетаудағы NIS ұстаздары әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Балкашино ауылына барды. Сапар барысында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған шеберлік сабақтары мен практикумдар ұйымдастырылды.

Арнайы назар химия пәніндегі зертханалық жұмыстарда прекурсорларды қолдануға және Lesson Study әдісімен зерттеулер жүргізуге аударылды. Сонымен қатар, информатика пәнінің мұғалімдеріне жасанды интеллектіні оқыту үдерісінде пайдалану бойынша практикум өткізілді.

Сонымен қатар, біздің мектептің қызметкерлері 5–6 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне NIS виртуалды мектебіне тіркелу туралы ақпарат берді.

Фотогалерея

image-
image-
image-