Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те волейболдан өңірлік спартакиада өтті
03 қараша 2025 15:01
27–30 қазан аралығында Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде волейболдан өңірлік спартакиада өтті. Жарысқа NIS Көкшетау, NIS Петропавл, NIS Астана, NIS Астана-Нұра және International Steppe School of Astana командалары қатысты.
Ұлдар арасындағы нәтижелер:
1-орын — NIS Көкшетау
2-орын — NIS Астана-Нұра
3-орын — NIS Астана
Қыздар арасындағы нәтижелер:
1-орын — NIS Астана
2-орын — NIS Астана-Нұра
3-орын — NIS Көкшетау
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің спорттық дайындығын, командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті.